«Дипломмен ауылға». ШҚО-да жас мамандар қалай баспана алып жатыр?
Шығыс Қазақстан облысында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы қалай жүзеге асып жатыр. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы облыстық филиланының аумақтық филиалдарымен отырысы барасында айтылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
2020 жылы Шығыс өңіріне республикалық бюджеттен 381 жас маманның тұрғын үй сатып алуына 1574 694 мың теңге бөлінген. 1 қарашадағы жағдай бойынша 380 маман 1 469 967 мың теңге сомасында бюджеттік кредит алған.
Ал облыс аумағындағы қалалар мен аудандар бюджетіне 494 маманға көтерме жәрдемақы төлеуге 137 167 мың теңге бөлінген. Бүгінге дейін 450 маманға 123 265,5 мың теңге көлемінде жәрдемақы төленді.
Сондай-ақ аталмыш бағдарлама басталғалы, яғни 2009 жылдан бері Шемонайха ауданына – 124, Зайсан ауданына – 162, Бесқарағай ауданына – 183 жас маман жұмысқа келген. Талдау нәтижелері көрсеткендей, ауылдарға барған мамандардың көпшілігі – жас педагогтар мен медицина.