Өскемендік ақын Мұратхан Ахметбек министрлік ұсынған медальмен марапатталды
Өскемендік ақын Мұратхан Ахметбек «Ұлттық руханиятқа сіңірген айырықша еңбегі үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұсынысымен, Халықаралық «Абай» атындағы мәдениетті қолдау қорының, қоғамдық кеңесінің шешімімен ақын жерлесіміз лайықты марапатқа ие болды.
Мұратхан Ахметбек ел аузында жүрген, әсіресе жастар арасында жиі айтылатын көптеген танымал әндердің авторы. Апош Сарбаздың орындауындағы хит әндердің түгелінің дерлік сөзін жазған ақын осы – Мұратхан Ахметбек.
Ақынның қаламынан туған «Сен неткен тәп-тәттісің», «Аяулым», «Шығысым» сияқты әндер бүгінде көптің көңілінен шыққан. Сонымен қатар «Алаштың рухы – Сәбира» атты әнді жуықта ғана сайтымызға жариялаған болатынбыз.
Мұратхан Ахметбек Шығыс Қазақстан облысы,Тарбағатай ауданы,Сарыөлең ауылында дүниеге келген. Қазір Өскемен қаласында тұрады.