ШҚО-да 3 жол учаскесінде қар көшкіні жүрді
ШҚО-да тағы үш жол учаскесінде қар көшкіні түсті.
7 қаңтар күні сағат 07.30 шамасында "Алтай-Богатырево" жергілікті маңызы бар автожол учаскесінің 36 шақырымы мен 37 шақырымында және сағат 09.50 кезінде "Алтай-Путинцево" тас жолының 37 шақырымында 3700 текше метр көшкін түсті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Оқиға орнында зардап шеккендер болған жоқ. Қазіргі уақытта жол учаскелері жабылып, қардан тазартылып жатыр.
- Тұрғындар мен туристерге қар көшкіні қаупі бар аумақтарға юармау керектігін, таулы аймаққа барудан бас тарту керектігін ескертеміз. Өңірде бірнеше күн бойы көшкін қаупі сақталады. Төтенше жағдайға тап болсаңыз бірден 112 нөміріне хабарласыңыз, - деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.