ҚР Президенттігіне кандидаттардың сайлау науқанын ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі хабарлама
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сайлау науқанын ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
"Шығыс ақпарат" ЖШС DIDAR, "Рудный Алтай" облыстық газеттерінің, "Ulan tańy – Уланские зори", "Огни Прииртышья – Aq bulaq", "Aýdan tynysy – Пульс района", "Пульс Алтая – Altai tynysy", "Raýan – Заря", ARAI, "Луч " (бұдан әрі- газеттер) және Altaynews.kz желілік басылымының (бұдан әрі - сайт) меншік иесі бола отырып, Қазақстан Республикасының 28.09.1995 жылғы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңына сәйкес газеттерде және сайтта үгіт материалдарын орналастыруға арналған төлем мөлшері, басылым беттерінен орын беру шарттары мен тәртібі туралы хабарлайды.