KZ
Өскемен
-1°
пасмурно Штиль
494.87 520.65 4.91

Алдағы күндерде өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін – ШҚО

Фото: шартты сурет

26.04.2023, 16:33 326

«Қазгидромет» КМК ШҚ филиалының ақпараты бойынша, 2023 жылғы 27-29 сәуір аралығында атмосфералық ауа температурасы жоғарылап, қардың қарқынды еруі жалғасады және жауын-шашын болжанады.

Осыған байланысты, 29 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы өзендерінің бассейндерінде су деңгейінің көтерілуі күтілуде, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Сондықтан ШҚО ТЖД азаматтарға төмендегідей кеңес береді:

– арықтар мен бұлақтардың арналарын тазалау және бітеп тастамау, өйткені бұл судың кептелуіне әкеледі;

– үй аумағына су өтпес үшін (қап, топырақ, құм, саз) қолда бар материалдарды бөгет жасауға дайындау.

  Төтенше жағдай кезінде «112» телефоны бойынша шұғыл хабарласыңыздар, деп ескертеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу