ШҚО-да су деңгейі көтерілуі мүмкін
Фото: Шартты сурет
16-17 сәуір аралығында облыстың басым бөлігінде көп мөлшерде жауын-шашын жаууына және қардың қарқынды еруіне байланысты өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.
ШҚО аумағында жауын-шашын әлі де жалғасады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Мамандар тұрғындарды қырағы болуға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды. Су деңгейі күрт көтерілген жағдайда «112» нөмірі арқылы хабарлауға болады.
Үй аумағын қардан, мұздан арылтып, арықтарды тазалау шарт. Мүмкіндігінше инертті материалдар дайындап қою керек.
Оқи отырыңыз