KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

ШҚО-да Өзбекстаннан келген екі мигрант ұсталды

Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі

30.10.2023, 21:10 122 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да еш жерде тіркелмей, рұқсатсыз жұмыс істеген екі Өзбекстан азаматы қолға түсті.

Тәртіп сақшылары Алтай ауданында "Құқықтық тәртіп" ЖПІШ барысында уәкілетті органның рұқсатынсыз аудан дүкендерінің бірінде еңбек қызметімен айналысқан ер адамдарды анықтаған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Көші-қон кодексінің талаптарын бұзғаны үшін шетелдіктер ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4, 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері шетелдіктердің ҚР Көші-қон заңнамасын бұзуының 180-нен астам фактісі анықталған, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Полиция департаменті Қазақстан Республикасында уақытша келген шетел азаматтарының уәкілетті органның рұқсатынсыз еңбек қызметіне тыйым салынғанын ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив