ШҚО-да заңсыз еңбек еткен 30-дан астам адам ұсталды
ШҚО-да ҚР Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 100-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазір облыс аумағында "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
"Профилактикалық шара аясында облыс орталығында жеке үй салумен айналысқан Өзбекстанның 21 азаматы мен Тәжікстанның 13 азаматы анықталды. Олар ҚР ӘҚБтК 5-бөлімінің 517-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Заңсыз мигранттарды жұмысқа қабылдаған алты жұмыс берушіге де 100 мың теңгеден астам мөлшерде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
- ҚР-да уақытша болатын шетелдік азаматтардың уәкілетті органның рұқсатынсыз еңбек қызметіне тыйым салынады, - деді ШҚО ПД көші-қон қызметі.