KZ
Өскемен
-12°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
503.44 593.35 6.55

Өскеменде бірнеше мектептің маңы жарықтандырылады

27.02.2023, 12:06 438 Ләззат Қанатқызы

Биыл облыс орталығының маңындағы бірнеше мектепке жарық шамдары орнатылады.

Атап айтқанда №34, 39 және 42 мектептер мен облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейінің маңы жарықтандырылмақ, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Коммуналдық қызметкерлердің ақпаратына сүйенсек, білім ордасының маңын жарықтандыру үшін шамамен 74 жарық нүктесін, 2,286 шақырым ССП сымын орнату қажет. Сондай-ақ 40 Вт жаңа сыртқы жарықдиодты шамдар орнатылмақ.

Аталған жұмыстарды мердігер шарт жасалған күннен бастап 3 ай ішінде аяқтауы керек. Қазіргі уақытта мердігерлік ұйымды анықтау конкурс жарияланған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу