KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
501.31 520.11 5.33

Өскеменде Пульмонологиялық орталыққа арналған ғимараттағы жұмыстар 80% аяқталды

2.10.2020, 23:34 121

Қазір Өскеменде 50 төсек орынға арналған, толық жабдықты жаңа облыстық Пульмонологиялық орталық үшін ғимаратты қайта құру бойынша жұмыстары жүргізілуде. Жуықта облыс әкімі Даниал Ахметов атқарылған жұмыстың барысын кезекті рет тексеріп қайтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Екі айдың ішінде құрылысшылар ішкі бөлігін қайта жасап, қасбетін жаңартқан. Десе де, ғимараттыі сәулеттік кейіпі сақталып отыр.

- Қазіргі уақытта жұмыс 80 пайызға орындалды. Бұл жерде 200-ден астам адам еңбек етеді. Мердігерлер жоғары жауапкершілікпен және қойылған міндетті сапалы орындауда. Медициналық жабдықтар мен жиһаздардың басым бөлігі жеткізілді. Әрбір палата оттегі розеткаларымен жабдықталатынын атап өткім келеді. Орталықта пульмонологтармен қатар инфекционистер де жұмыс істейді. 35 орынға шақталған реанимация және интенсивті терапия бөлімі қарастырылған, - дейді аймақ басшысы.

Сонымен қатар күз бен қысқы маусымда короновирус инфекциясын жұқтырушылар саны ұлғаю қаупіне байланысты өңірде 6000 төсек орын дайындалды. Қосымша 5 ПТР-зертхана және 3 КТ кабинет ашылады. Covid-19 ауыр науқастары үшін иммундық плазманы дайындау жұмыстары жүргізілуде. 1484 доза дайындалды, бұл жалпы республикалық көлемнің 47% құрайды.

- Осыған байланысты, коронавируспен ауырған облыс тұрғындарын қан тапсыруға белсенді қатысуға және антиденелердің деңгейін тексеруге шақырамын, - деді Даниал Ахметов.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу