KZ
Өскемен
-12°
небольшая облачность жел 2 м/с, З
524.02 545.19 5.09

Мемлекеттік қызметкерлер де «дипломмен ауылға» баратын болды

6.08.2020, 05:26 185

Елімізде 2009 жылдың 1 шілдесінен бері ҚР Тұңғыш Президентінің тапсырмасы бойынша жобаланған «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істейді. Бұл бағдарлама ауылдардың кадрлық әлеуетін еңбек ресурстарымен, соның ішінде әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешен мамандарымен күшейтуге бағытталған болатын. Енді мемлекеттік қызметкерлер де дипломмен ауылға баратын болды.  

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің ақпараты бойынша, 3 шілдеде мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. «Дипломмен ауылға» бағдарламасына мемлекеттік қызметкерлер де қосылды.

Ведомствода атап өткендей, бүгінде Шығыстағы ауылдарда  2251 мемлекеттік қызметкер жұмыс істейді және 393 жұмыс орны бос тұр.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу