KZ
Өскемен
-16°
пасмурно жел 1,3 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Президент қажетсіз шығындардан бас тартуға шақырды

29.06.2020, 16:29 160

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін өткен коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөнінде кеңес барысында әкімдер мен министрлерге бюджетті қайта қарау және конференция, дөңгелек үстел, салтанатты шаралар, консалтингтік және PR-қызмет секілді қажетсіз шығындардан бас тарту жөнінде тапсырма берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мемлекет басшысының айтуынша, қаржының барлығы эпидемиямен нақты күреске бағытталуы керек.

Сонымен қатар, ол бағаны тұрақтандыруға, азаматтарды қажетті азық-түлікпен, жұмыспен қамтамасыз етуге, экономикалық белсенділікті арттыруға және цифрлық технологияны дамытуға қолдау көрсету қажеттігін атап өтті.

- Экономикалық өсімді қайта қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар жүйелі әрі толыққанды орындалуы тиіс. Бұл мәселе әрбір әкімнің ерекше бақылауында болуы қажет, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу