KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 1 м/с, Ю
443.44 480.51 4.88

ШҚО-да тегін заңгерлік кеңес беріледі

16.06.2020, 16:50 168

ШҚО-да ағымдағы жыл басынан бері 2676 азаматқа тегін заңгерлік кеңес берілді, дабарлайды Altaynews тілшісі.

Облыстық әділет департаменті тұрғындарға тегін заңгерлік кеңес беру мақсатында 175 қорғаушымен келісімшартқа отырды. Бұл туралы департамент басшысының орынбасары Айдын Амирханов брифинг барысында мәлім етті.

Әділет министрлігі 2014 жылдан бері «Қорғаушылардың заңгерлік көмек көрсетуі» атты бірыңғай әкімшілік бюджет бағдарламасын қолға алған болатын.

- Жоспарға сәйкес 2020 жылы тегін заңгерлік көмек көрсету мақсатында республикалық бюджеттен 147 млн 421 мың теңге бөлінді. Ағымдағы жыл басынан бері 2676 азаматқа тегін заңгерлік кеңес берілді, - деді Айдын Амирханов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив