KZ
Өскемен
-5°
переменная облачность жел 1 м/с, С
495.95 524.37 4.98

ШҚО-да Мемлекеттік рәміздер күні кең ауқымда атап өтілді

5.06.2020, 04:55 186

Шығыс Қазақстанның қалалары мен аудандарында коронавирустық пандемияға байланысты айтулы күнге байланысты көптеген іс-шаралар онлайн режимде өтті.

Мереке қарсаңында облыс орталығындағы мектеп оқушылары арасында «Бұл менің - Туым!», «Бұл менің - Әнұраным!», «Бұл менің - Елтаңбам!» тақырыбында шығарма және суреттері байқауы, ал Өскемен жастары арасында «Рәміздерім - мақтанышым» интернет-акциясы аясында әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің фонында суреттер жариялады. 

Облыста мемлекеттік рәміздер күні Әнұранды шырқаудан басталды. Сондай-ақ, қала тұрғындары әнұрынды қала көшелеріндегі 25 жердегі радиодан да тыңдай алды.

Одан бөлек Өскемендегі «Қазақстан» тауының етегінде Қазақстан Республикасының туы мен елтаңбасы бейнеленген әуе шары ұшырылды. Сонымен қатар Ертіс өзенінің бойында мемлекетіміздің 40 жалауы тігілген бар қайықтардың шеруі өтті. Семейде де патриоттық әндердің онлайн-байқауы өтті, қала тұрғындары әнұранын орындады.

Сондай-ақ, Nur Otan партиясының «Менің Туым, Менің Отаным» патриоттық акциясы аясында 68 мемлекеттік Ту сауда орталықтары мен оқу орындарында, алаңдар мен көшелерде ілініп тұрды. Сондай-ақ, аймақтағы «Менің туым» акциясы аясында көп қабатты тұрғын үйлердің балкондарына 223 мемлекеттік Ту бедерленген жалау қойылды.

Еске салсақ, Шығыс Қазақстан өңірлерінде «Менің туым - менің мақтанышым» флеш-мобы, қашықтық форматтағы концерт және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің көрмесі, онлайн-викторина, этномәдени бірлестіктер мүшелерінің бейнеролигі және патриоттық акциялар өтті. 

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу