KZ
Өскемен
+22°
переменная облачность жел 3 м/с, ОБ
441.79 478.77 4.9

Өскеменде 13 субұрқақ жұмыс істейді

21.05.2020, 19:51 282

Қала аумағындағы субұрқақтардың барлығы 1 маусымға дейін іске қосылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Әкімдіктің ақпаратына сәйкес, қазір мердігер мекемелер су нысандарын іске қсоу бойынша жұмыстарды жүргізуде.

Республика алаңындағы музыкалық субұрқақ қосылып қойған. Қалғандары дайындық және жөндеу жұмыстарын қажет етеді.

Барлығы 13 субұрқақ жұмыс істейді: Республика алаңындағы, әуежай ауданындағы, бұрыңғы Металлургтер мәдениет сарайының алдындағы, Гагарин бульварындағы, ШҚМУ бас корпусының алдындағы, «Чайка» дүкенінің, орталық әмбебап дүкеннің, «Халифа Алтай» мешітінің, облыстық театрдың  алдындағы, Амфитеатр мен Арбаттағы субұрқақтар. Лихарев ескерткіші қайта орантылғаннан кейін оның субұрқағы да іске қосылмақ.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив