Ұлан ауданында жаңа жұмыс орындары ашылады
Ұлан ауданында 500-ге жуық адам жұмыс тұрады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасының аясында құны 1810,9 миллион теңге болатын 42 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Осы жобалар бойынша 467 уақытша жұмыс орындары пайда болмақ. Оның ішінде 246 орын Халықты жұмыспен қатму орталығынан беріледі екен.
21 жоба білім беру саласына байланысты. Бұл жобалар бойынша Герасимовка Ново-Азовое, Привольное, Сағыр, Тарғын, Алмасай, Пролетарка, Баяш Өтепов, Манат, Жоғарғы Тайынты, Тройницкое, Митрофановка, Донское, Восточное, Ұлан, Огневка ауылдары мен Қасым Қайсенов кентіндегі 17 мектеп жөнделеді. Жөндеу жұмыстарына ауданның жұмыссыз жүрген 97 тұрғыны тартылмақ.