Өскеменде 15 жедел жәрдем көлігі флеш-моб өткізді
Қазақстанның ірі қалаларында «Біз сізге келмесін десеңіз, үйде қалыңыз» деген желеумен акция өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Акция аясында 13 сәуірде сағат 21.00-де ауқымды флеш-моб ұйымдастырылды. Жедел жәрдем көліктері дабыл белгісін қосып, орталық көшелерді аралап өтті. Ондағы мақсат –дәрігерлердің төтенше жағдай кезіндегі ауыр жұмысына адамдардың назарын аударту және оқшауланудың қажеттілігін ескерту.
Өскеменде өткен акцияға15 жедел жәрдем автомобилі қатысып, Назарбаев, Жеңіс даңғылдары мен Сағадат Нұрмағамбетов, Қазақстан көшелерін аралады.