Полиция Өскемендегі блок-посттарды жылжытты
Тәртіп сақшылары Өскеменнің шет-шетіндегі блок-посттардың шекарасын тағы да жылжытты. Енді жабық қаланың аумағында Прапорщиково елді мекені ғана қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы облыстық Полиция департаменті мәлімдеді. Сондай-ақ әзірше Опытное поле, Тарханка және Бобровка ауылдарына жол ашық.
– Облыс орталығына кіріп-шығатын көлік жолдарына қойылған блок-посттар кешеден бері жұмыс істеді. Нәтижесінде оларды тағы да жылжыта түсу керек деген шешім қабылдадық. Дәл қазіргі уақытта Өскемен-Шемонайха және Өскемен-Алтай (Коршунов пойызкөпірі) тас жолдарындағы посттар жылжытылды. Барлық блок посттар бұған дейін айтылған тәртіп бойынша жұмыс істейді, – деп мәлімдеді Полиция департаменті.