Бүгін түнде Өскемен ішіндегі посттар алынады
Бүгін түнде облыс орталығының ішіндегі посттар жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысында 16 мамырдан бастап шектеу шаралары жұмсаратыны туралы жаздық. Ал полиция департаменті бүгін түнгі 00.00-де қала ішіндегі посттар алынатынын мәлімдеді. Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде қатаң бақылауға көшкен жаяу патруль де жұмысын тоқтатады.
Ал алдағы аптадан бастап тұрғындар рұқсаттамасыз және 21.00-ден кейін көшеде жүре алады.
Естеріңізге салайық, коронавирус инфекциясының таралуына байланысты 6 сәуірден бері Өскемен және Семей қалаларының ішіндегі қозғалыс шектелген болатын.
Оқи отырыңыз