Республикалық «Еңбек жолы» конкурсына өтінім қабылдау басталды
Жыл сайы дәстүрлі түрде өтетін «Еңбек жолы» республикалық байқауына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аталмыш конкурсқа бірнеше номинация бойынша қатысуға болады.
1) Үздік еңбек әулеті.
Бұл номинацияда ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады.
Еңбек әулеті– бір отбасының жақын туыстарының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және осы кәсіпорында жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл болатын бір ұйымның жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған еңбек әулетінің өкілі әулеттің басшысы болып танылады.
2) Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері.
Бұл номинацияда кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады.
3) Өндірістің үздік жас маманы.
Бұл номинацияда жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;
1 орын үшін – 1 000 000 (миллион) теңге;
2 орын үшін – 500 000 (бес жүз мың) теңге;
3 орын үшін – 200 000 (екі жүз мың) теңге сомасына ақшалай сертификаттар беріледі.
Өткен 2021 жылы 28 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына» республикалық форумы өтіп, ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шара барысында еңбек ардагерлері мен «Еңбек жолы» республикалық конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өткен болатын.
Байқаудың облыстық кезеңінде «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша Белогорцевтар әулеті (Риддер қ., «Казцинкмаш» инженерлік-өндірістік кешені, әулеттің жалпы еңбек өтілі – 300 жыл, әулетте 17 адам);
«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша, Жарма аудандық ауруханасының фельдшері, еңбек өтілі 37 жылды құрайтын Сулейменова Сара Сагадиевна;
«Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы бойынша, «Қазцинк» ЖШС Риддер КБК Риддер-Сокольный кенішінің бас геологы, жылдық еңбек өтілі бар Бектеміров Али Арманұлы лауреат атанған.
"Еңбек жолы" республикалық байқауында Риддерде тұратын Белогорцевтер отбасы Үздік еңбек әулеті атағын жеңіп алды.
17 адам – төрт ұрпақтың өкілдері - тау-кен металлургия алыбы - "Қазмырыш" бөлімшелеріне арналған түрлі өнімдер шығаратын: жабдықтарға арналған қосалқы бөлшектерден бастап, ірі көлемді бірегей механизмдер мен агрегаттарға дейінгі өнеркәсіптік кешеннің цехтары мен кеңселерінде жұмыс істейді. Туыстардың жалпы еңбек өтілі 350 жылдан асқан.
Туыстар флотациялық машиналар, шар және өзекті диірмендер, конустық ұсатқыштар, керамикалық сүзгілер және ультражұқа ұсақтау диірмендері сияқты күрделі техниканы дайындайды, тау-кен жабдықтарын жөндейді. Патриарх Николай Белогорцев әулетінің өкілдері осы күрделі өндірістік тізбектің әр саласында жұмыс істеген.
Бүкіл Қазақстан бойынша үздік атағын алу үшін олар өңірлік және республикалық кезеңдерден өткен. Соңғы іріктеу еліміздің түкпір-түкпірінен 500 үміткер отбасы арасында өткізілді.
- Мұндай марапатқа ие болу біз үшін үлкен мәртебе, өйткені бұл ең алдымен әкелеріміз бен аталарымыздың еңбек жетістіктерін және жастардың еңбегін мойындау. Біз үшін шын жүректен қуанғандарға, "Қазмырыш" компаниясындағы әріптестерге шын жүректен рахмет! – дейді отбасы мүшелері.