Өскеменде тағы да сауда орталығы салынады
Өскеменде 10 гектар аумаққа ойын-сауық және сауда орталығы салынады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Өскеменнің сәулет және қала құрылысы бөлімі алматылық «Сакота Корпорейшн» компаниясына аталмыш орталықты салуға 2017 жылы рұқсат берген екен.
Әкімдіктің ақпаратына сенсек, орталықтың мекенжайы – Сәтпаев даңғылы, 184.
– Қалада 30-дан астам ірі сауда және ойын-сауық орталықтары жұмыс істеп тұр. Биыл оларға қоса тағы 4 орталық ашылмақ. Олар: «Әлем» (Қабанбай батыр, 142), «Көкжал» (Қазыбек би, 5), «ADKRiver» (Қазақстан көшесі, 62/1), Globus (Абай даңғылы, 9/1), – дейді қала әкімінің орынбасары Елена Литвинова.
Оқи отырыңыз