KZ
Өскемен
-13°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

ШҚО-да жолдарды жөндеуге 65 миллиард теңге жұмсалады

18.07.2019, 11:42 283

Аймақ басшысы Даниал Ахметов облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында облыс жолдарын жөндеуге биыл барлық көздерден 63,8 миллиард теңге қаржы бөлінгенін, оның ішінде жергілікті маңыздағы жолдар үшін 21,6 миллиард теңге қарастырылғанын жеткізді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бүгінгі таңда жөндеу жұмыстары Семей – Курчатов, Семей – Қарауыл, Өскемен – Тарғын – Самар, Көкпекті – Самар, Үлкен Нарын – Күршім, Бородулиха – Жезкент, Мақаншы – Келдімұрат, Ақтоғай – Алматы облысымен шекара, Шемонайха – Үлкен өзен жолдарында жүріп жатыр, сондай-ақ, Тарбағатай ауданы Ойшілік ауылына кіре беріс жол да қалпына келтірілуде. Аталмыш жолдардың жалпы қашықтығы 318 шақырымды құрайды.

Сонымен қатар, қалалар мен ауылдардың ішіндегі 95 километр көшелерді жөндеу жоспарланған. Ол мақсатқа бөлінген қаржы мөлшері 10 миллиард теңгеге жуықтайды.

Аталмыш ауқымды жұмыстар аяқталған соң облыстағы жағдайы жақсы жолдардың үлесі 81 пайызға жетпек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу