Табысы 42 500 теңгеден аспайтындарға жеңілдетілген несиемен баспана беріледі
Көп ұзамай Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тағы бір ауқымды әлеуметтік маңызы бар бағдарламаны іске асыруды көздеп отырғанын атап өткен жөн. Бұл аз қамтылған отбасыларды несиелендіру. Оның шеңберінде банк 6000 көп балалы және толық емес отбасыларды қолжетімді шарттар бойынша несиелендіруді жоспарлап отыр.
Бул туралы Алтайньюс тілшісініе аталмыш банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Аз қамтылған отбасыларға 10% мөлшерінде бастапқы жарна болған жағдайда жылдық 2% үстемемен несие берілетін болады. Бастапқы жарнаны төлеуге қаражаты жоқ отбасыларға бастапқы нарықта тұрғын үйді сатып алу үшін жергілікті әкімдіктерден тұрғын үй сертификаттарын алу қарастырылған. Несие 20 жылға дейінгі мерзімге беріледі.
Айта кету керек, ең маңызды сәт – бұл банкке несиелік өтінім беру үшін Бағдарламаға қатысушылар жергілікті әкімдіктен жолдамамен келуі тиіс. Бұл бағыт бағдарламаға қатысушы шын мәнінде, тұрғын үй кезегінде тұрған, сол категорияга көзделген бағдарламаға қатыса алатынын растайды.
Жеңілдетілген несие арқылы жаңадан салынған немесе екінші нарықтағы пәтерлерді және де жеке үй сатып алуға болады. Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Ақтау, Шымкент қалаларында несие мөлшері 15 млн теңгені құраса, қалған өңірлерде 10 млн теңгеге дейін жеткен .
Бағдарламаға адам басына табыс мөлшері 42 500 теңгеден аспайтын отбасылар қатыса алады. Егер отбасы 5 адамнан тұрса, оның жалпы табысы 212 500 теңгеден аспауы тиіс.
Мысалы, тұрғын үй құны 9 млн. теңге болған жағдайда, тұрғын үй құрылысы жинақ жүйесі бойынша алғашқы 8 жылда алдын ала қарыз бойынша ай сайынғы төлем 47 400 теңгені құрайды, ал келесі 11 жылда тұрғын үй қарызы бойынша айына 31 760 теңгеден төлеу қажет.