Жеміс-жидек пен көкөніс арзандап, азық-түлік қымбаттады

Қазақстанда сәуір айында азық-түліктің бағасы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,1 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика бойынша комитеті мәлімдейді.
Атап айтқанда, нан-тоқаш өнімдері, жарма, ет, балық, теңіз және сүт өнімдері, жұмыртқа, майлар, қант, кондитерлік өнімдер, алкогольді және алкогольсіз сусындардың бағасы өсті. Ал жеміс-жидек пен көкөніс, керісінше, арзандаған. Сондай-ақ, жармалардың ішінде қарақұмықтың бағасы төмендеген – 243 теңге (2018 ж – 266 тг).
Азық-түліктің орташа бағасы:
Күріш – 333 теңге (2018 жылы, сәуір айында – 290 тг);
Қант – 243 теңге (2018 ж – 203 тг);
Сиыр еті – 1575 теңге (1 келісі, 2018 ж – 1496 тг);
Қойдың еті – 1502 теңге (2018 ж – 1403 тг):
Жылқы еті – 1789 теңге (2018 ж - 1641);
Шошқа еті – 1342 теңге (2018 ж – 1258 тг);
Тауық еті – 753 теңге (2018 ж – 654 тг);
Жартылай сүрленген шұжық – 2071 теңге (2018 ж – 1895 тг).