KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Азық-түлік бір жылда қаншаға қымбаттады?

5.05.2020, 13:09 300

Қазақстанда азық-түлік бағасы бір жыл ішінде 10,4%-ға қымбаттапты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туарлы ҚР Қаржы министрлігінің стастистика бойынша Комитеті мәлімдеді.

Өткен жылдың сәуір айымен осы жылдың сәуір айындағы мерзімде нан өнімдері, жарма, ет, балық, теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, майлар, кондитерлік өнімдер, жеміс-жидек, көкөністер, алкогольсіз және алкогольді сусындар қымбаттаған екен. Керісінше, осы уақыт аралығында арзандаған азық-түлік өнімі – қант.

2020 жылдың сәуір айында жарма өнімдерінің ішінде қарақұмықтың орташа бағасы 349 теңге (өткен жылдың сәуір айында – 243 теңге) болса, сұлы – 357 теңге (334 теңге), тары – 372 (285 теңге), күріш – 373 теңге (333 теңге) болған.

Қант бағасы биыл 213 теңгеден сатылса, өткен жылдың сәуір айында 243 теңгеден саудаланған екен.

Сүт өнімдерінің арасында ірімшіктің орташа бағасы биыл сәуір айында 1637 теңгені (бір келісі) құрап отыр (өткен жылы – 1562 теңге), қаймақ – 1136 теңге (1050 теңге), айран – 305 теңге (285 теңге), пастерленген сүт – 260 теңге (240 теңге) болыпты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу