4 процентпен автонесие қашан беріледі?
Қазақстанның автобизнес қауымдастығының президенті Андрей Лаврентьев 4 проценттік автонесиені беру мерзімін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«4 проценттік автонесие ары кетсе, бір айдың ішінде берілетін болады. Қазіргі кезде ақша түсті. Үкіметтің қаулысы бар. Бүгінде ол қаржыны тарату шаралары атқарылып жатыр. Бірден айтып қояйын, бір айдан да аз уақыт қажет болады», - деді А.Лаврентьев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында. Айта кетейік, Қазақстанда 4 проценттік автонесие бағдарламасы 2015 жылы қолға алынған болатын. Содан бері 13 245 жеңіл автокөлік аталған шарттармен сатылды.
Оқи отырыңыз