Өскемендегі киіз үй инсталляциясы жаз бойы тұрады

Наурызда Өскеменнің орталығында құрылған киіз үйдің инсталляциясы жаз бойы тұрады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Иә, инсталляция мейрам күндері Горький көшесінің бойында тұрған еді. Қазір Республика алаңының дәл ортасына орнатылды.
Оның табанына жасанды көгал төселген. Қыдырып жүрген адамдарға тыныстап демалуға болады.
– Киіз үйдің инсталляциясы жаз бойы тұрады. Түнде әуен ойнап, ырғағымен әр түрлі шамдар жанады, – деді қала әкімдігінің баспасөз қызметкері Әлібек Тұрсымбетов.
Оқи отырыңыз