KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1 м/с, С
480.61 534.53 5.28

ШҚО әкімі шығысқазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

23.03.2019, 08:35 133

 

Құрметті шығысқазақстандықтар!

Қымбатты жерлестер!

 

Баршаларыңызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы, дастарханға ақ толып, елімізге бақ қондырған – Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

 

Наурыз – ежелгі заманда қалыптасып, тамырын тереңнен тартқан мейрамдардың төресі! 

 

Осынау шуақты күні, кең пейіл, қонақжай халқымыз, әрқашан, ақ дастархан жайып ел тыныштығы мен халықтың ауызбіршілігін, ұрпақтың кемел келешегін тілеген.

 

Ұлы замандасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында, Ұлыстың Ұлы күні – Ұлы Даламызға, тәуелсіздікпен бірге қайта оралды!

 

Ұмыт болған ұлы тарих – рухы жаңғырған көпұлтты халқымыздың жасампаз істерімен жазылып келеді.

 

Ардақты ағайын! Ұлтымыздың мерейін асқақтатып, бар болмысымызды айшықтай түсетін Әз-Наурыз – дамудың даңғыл жолымен жүріп келе жатқан елімізге жаңа жетістіктер әкелсін!

 

Баршаларыңызға мықты денсаулық, жемісті еңбек, әр шаңыраққа ынтымақ пен шаттық, бақыт пен молшылық тілеймін. Асыл армандарыңыз бен ақ тілектеріңіз орындалсын.

 

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

  

Құрметпен,

Даниал Ахметов,

Шығыс Қазақстан облысының әкімі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив