KZ
Өскемен
+31°
ясно жел 2 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

19 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

19.01.2023, 11:45 399 Оразай Жеңісұлы

Синоптиктер 19 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де антициклон ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек күндіз республиканың шығысында атмосфералық бөліктердің өтуіне байланысты аздаған қар жауады», - делінген хабарламада.

Республиканың оңтүстігінде жел күшейеді, тұман түседі, таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Батыстан соғатын жел 0-5 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 25-27, күндіз 12-14 градус аяз болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел секундына 0-5 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 3-5 градус аяз болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Шығыстан соғатын жел секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 1 градус аяз болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив