KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, В
443.16 480.39 4.94

ШҚО-да қар барысын іздеу басталды

8.02.2023, 14:30 646 Оразай Жеңісұлы

Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры Шығыс Қазақстанда қар барысын іздеу басталғанын мәлімдеді.

Экспедиция кезінде зоологтар мен инспекторлар фототұзақ орнатып, бұрынғы камераларды тексереді. Сондай-ақ заңсыз құрылған аулар мен қақпандарды құртады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мамандар барыстың биологиялық материалын жинап, молекулалық-генетикалық талдау жүргізуге ниетті.

«Катонқарағай ұлттық паркінде кемінде үш, әйтпесе алты қар барысы бар. Негізгі мекені – Қатын жотасы екі мемлекеттің шекарасында орналасқан. Бұл сирек кездесетін тау тағысын қорғауды қиындатып тұр», - дейді Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының Алтай-Саян экоаумағындағы өкілдігінің аға  үйлестірушісі Александр Карнаухов.

Шығыс Қазақстандағы қар барысын зерттеу үшін Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының қызметкерлері зерттеудің заманауи әдістерін қолданады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив