ШҚО-да "Көктем-2023" тактикалық-арнайы оқу-жаттығулары өтті

ШҚО-да "Көктем-2023" тактикалық-арнайы оқу-жаттығулары өтіп, күштер мен құралдардың көктемгі су тасқынына дайындығы пысықталды.
Оқу-жаттығу мазмұны бойынша, Шемонаиха ауданында күн күрт жылынуына байланысты қар еріп, Уба өзенінде су деңгейі көтеріліп, іргелес үйлер су астында қалды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Алдымен, оқиға орнына әкімдік қызметкерлері мен ТЖ бөлімінің мамандары келіп, жағдайды бағалаып, су басу ауқымы мен аймағын анықтап, жарылыс жұмыстарын жүргізу және өзен арнасын мұздан тазарту туралы шешім қабылданды.
Ал, құтқарушылар тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшірумен айналысқан. Су басқан үйлерде тонау фактілері болмас үшін тәртіп сақшылары ТЖ орнын қоршау мен патрульдеуді ұйымдастырды.
Мұндай оқу-жаттығулар жауапты қызмет өкілдеріне төтенже жағдайлар барысында іс-әрекеттерді пысықтауға көмектеседі.
Айта кету керек, оқу-жаттығуы барысында облыс бойынша 20 мың текше метр қар шығарылып, 8 шақырым каналдар мен арықтар тереңдетілді, 11 су өткізу құрылыстары тазартылды.