Су тасқыны: ШҚО-да Речное ауылының тұрғындары эвакуацияланды
Үбі өзеніндегі су деңгейінің көтерілуінен құтқарушылар Речное ауылының тұрғындарын эвакуациялады, деп хабарлайды Altaynews тлішісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
9 сәуір күні таңертең су көтеріліп, екі үй мен үш ауланы су басты. Сондай-аұ, 50-ден астам бас малды құтқарушылар қауіпсіз жерге көшірді. Ал 16 тұрғынды, оның ішінде 2 бала туыстарының үйлеріне орналастырды.
- Жергілікті атқарушы органдар мен құтқарушылар кептелістің пайда болу учаскесіне аэровизуалды мониторинг және тексеру жүргізді. Нәтижесінде мұзды қопсыту мақсатында жарылыс жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды. Барлығы 2347,5 кг жарылғыш заттар қолданылды. Жарылыс жұмыстарының жалпы ауданы 6067 ш. м. құрады, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
20 сағат ішінде су деңгейі көтеріліп, ауылдағы үйлерге кіре бастады . Барлығы 8 үй су астында қалды, оның 6-уы тұрғын үй.
ШҚО ТЖД және ЖАО құтқарушылары тұрғындарды дереу қауіпсіз аймаққа көшірді.
Айта кетейік, 9-10 сәуір аралығындағы барлығы 36 тұрғын, оның ішінде 10 бала эвакуацияланып, туыстарының үйіне орналастырылды.
- Мал қауіпсіз жерге шығарылды. Жергілікті атқарушы органдар қорғағыш жер үйіндісін салу бойынша жұмыстар жүргізді. Оқиға орнына ШҚО ТЖД жеке құрамының 69 қызметкері, 2 жүзу құралы, 11 мотопомпа және 8 бірлік техника, ЖАО-ның 20 қызметкері және 8 бірлік техника жұмылдырылды. Қоғамдық тәртіпті сақтау және су басқан үйлерден тонаушылық фактілерін болдырмау үшін полиция қызметкерлерінің күштері жұмылдырылды. Қазіргі ауылда су деңгейінің төмендегені байқалады. Су басқан аумақтардан суды сору жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп қосты ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.