KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 1 м/с, С
459.75 494.14 5.54

Жаңбыр, қар, найзағай: ауа райына байланысты ескерту жасалды

Фото: myslo.ru

5.03.2023, 12:55 412 Мадина Амангелдіқызы

Республиканың 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Синоптиктер 5 наурызда республиканың 17 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Altaynews.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі, 6 наурызда түнде нөсер жаңбыр, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Тұман, найзағай болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетеді.

Ақмола облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні - 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады. Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м/с.

Астанада күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады.

Абай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с.

Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ұлытау облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығсытан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-шығыс бағыттан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр жауады. Облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, таңертең және күндіз облыстың таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с.

Шымкентте найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстын солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының оңтүстігінде,таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с.

Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 екпіні 23 м/с.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив