ШҚО-да тағы бір тау шаңғысы курорты ашылады
Шартты сурет
Соңғы жылдары өңірде қысқы туризм қарқынды дамып келеді. ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасының мәліметінше, қысқы туризмді дамытудың мүмкіншілігі мол, себебі облыста қар жамылғысы ұзақ сақталады.
Алдағы жылдары Глубокое ауданында тағы бір тау шаңғысы курортын ашу жоспарланып отыр. Ол "Эко-қонақ үй" демалыс базасының аумағынан ашылмақ, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Кәсіпкер демалыс аймағын кеңейтіп, қонақ үйлер салып, тау шаңғысы курортын ашуды жоспарлап отырған көрінеді.
Айта кету керек, Глубокое ауданында қазір танымал "Нұртау" (Бобровка ауылы) және «Алтай Альпісінде» (Таулы Үлбі ауылы) тау шаңғысы базалары орналасқан. «Нұртау» ұзақ уақыт үзілістен кейін биыл қыста өз жұмысын қайта бастады.
Сондай-ақ Эльдар Лұқбекұлы «Алтай Альпісі» тау шаңғысы курортының иесі де демалыс орнын дамытуға ниет білдіріп отырғанын атап өтті. Жақын арада ол жерде марал өсіру қолға алынбақ.