KZ
Өскемен
-12°
небольшая облачность жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Өскеменде әлеуметтік көмір сату мерзімі ұзартылды

14.09.2022, 17:00 251

Облыс орталығында әлеуметтік көмір айдың соңына дейін сатылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қала әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, «Қаражыра» АҚ-мен жасасқан меморандум бойынша облыс орталығына жалпы 35 000 тонна әлеуметтік көмір әкелінеді. Бүгінгі дейін осының 70 пайызы жеткізілген. іске асырылған.

– Сұраныс әлі де көп. Сондықтан әлеуметтік көмірді сатуды 30 қыркүйекке дейін ұзарттық. Қажет болса, мерзімді одан кейін де созамыз, деді қала әкімінің орынбасары Денис Федченко.

Оның айтуынша, қазір көмір қоры жеткілікті, ұзын-сонар кезек жоқ, көмірді жеткізуде ешқандай мәселе жоқ.

– Кейбір тұрғындар әлеуметтік бағамен сатылатын көмірдің сапасына күмән келтіріп жатады. Бұл дұрыс емес. Көмірдің өзі әлеуметтік және әлеуметтік емес болып бөлінбейді ғой. Бәрі бір жерден алынады, – деді Денис Федченко.

Қала әкімә орынбасарының сөзіне сенсек, көмір бағасында өзгеріс жоқ: бір тонна коммерциялық көмір – 11800 теңге, әлеуметтік көмір – 11300 теңге.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу