KZ
Өскемен
+24°
ясно жел 2 м/с, ОШ
467.29 501.03 5.35

ШҚО-да ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсетілді

6.02.2024, 11:36 119 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысының білім беру саласында 2011 жылдың қыркүйегінен бері жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау жөніндегі кешенді жоспар жүзеге асып келеді. Осы жоспар аясында елімізде баламасы жоқ «Мейірім» акциясы өткізіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Аталмыш акция негізінде балалар корпоративтік тәлімгерлік қағидат бойынша «патронаттық» кәсіпорынға немесе ұйымға бекітіледі. Бұл жерде балаларға жан-жақты қолдау көрсетеледі. Мәселен, мамандық таңдау, жұмысқа орналасу, жазғы демалысты ұйымдастыру, емделу, тұрғын үймен қамтамасыз ету, шетелдік жоғары оқу орындарында оқыту сынды мәселелер бойынша көмек көрсетіледі.

«Мейірім» акциясына жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және басқармаға қарайтын 13 ведомстволық бағынысты мекеме қатысқанын айта кеткен жөн. Бұл мекемелерге 14 бала бекітілді.

1 ақпанда «Үміт» балаларды қолдау орталығында әлеуметтік келісімшартқа қол қойылып, балаларға түрлі сыйлықтар табысталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив