ШҚО Жұмыспен қамту басқармасы қызметкерлері бір күндік жалақыларын балаларға береді

instagram/shko_aleumet
Енді басқарманың 600 қызметкері «Үміт» үйінің 14 баласын патронаттық қамқорлыққа алады.
Жыл сайын бір күндік жалақыларын осы балалардың есепшотына аударып отырады, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
2011 жылдың қыркүйегінен бастап облыстың білім беру саласында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау жөніндегі кешенді жоспар іске асырылуда. Осы жоспар шеңберінде Қазақстанда баламасы жоқ «Мейірім» акциясы өткізіледі. Оның мәні - әрбір жетім балаға корпоративтік тәлімгерлік қағидаты бойынша «патронаттық» кәсіпорындарды немесе ұйымдарды бекіту болып табылады. Онда балаларға мамандық таңдауда, жұмысқа орналасуда, жазғы демалысты ұйымдастыруда, қымбат емделуде, тұрғын үймен қамтамасыз етуде, шетелдік жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастыруда көмек көрсетіледі.