KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
477.45 527.1 5.24

Олимпиада қатысушыларының құрметіне жаңа күй шықты

11.08.2024, 09:00 120 Назерке Каримова

Жас композиторлар 2024 жылғы Олимпиада ойындарына қатысушыларға күй арнады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ақпаратына сүйеніп.

Қарағандылық жас композиторлар Жәнібек Қазбекұлы мен Бексұлтан Имашев Париждегі ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарында  Қазақстан атынан қатысып жатқан спортшыларымызды қолдау мақсатында "Намыс" күйін шығарды.

Музыканттардың айтуынша, бұл күй жастарымыздың патриоттық рухын көтеру үшін шығарылған.

– Қазақстандық спортшылар ел намысын лайықты қорғаған сәт шабыттандырып, күйдің туындауына себеп болды, – деді Жәнібек Қазбекұлы.


Олар ел намысын қорғап, Қазақстан туын  көтерген Елдос Сметов, Назым Қызайбай, Нұрбек Оралбай, Нариман Құрбанов, Демеу Жадыраев, Гусман Қырғызбаев, Александра Ле және Ислам Сәтбаевқа "Намыс" күйін арнады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив