KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями Штиль
478.89 528.74 5.29

НҰРБЕК ОРАЛБАЙ ОЛИМПИАДА АЛТЫНЫ ҮШІН ЖҰДЫРЫҚТАСАДЫ

t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

4.08.2024, 16:30 187 Назерке Каримова

Боксшымыз Нұрбек Оралбай (80 кг) Париж Олимпиадасының жартылай финалында Кристиан Хавьер Пиналесті (Доминикан) жеңді.

Төрешілер есебі: 3-2, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігі ақпаратына сүйеніп.

Нұрбек осыған дейін Париж шаршы алаңындарында Мурад Аллахвердиевтен (ширек финал, Әзірбайжан), Каллум Питерстен (1/8 кезең, Аустралия) басым түскен.

Финалдағы қарсыласы әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Олександр Хижняк (Украина) немесе 2 дүркін Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы, Панамерика ойындарының 2 дүркін жеңімпазы Арлен Лопес Кардона (Куба) болады.

Айта кетейік, Нұрбек Оралбай - былтыр Ташкентте әлем чемпионы атанған, Азия чемпионатының қола жүлдегері.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив