Балаларға арналған спорттық жабдықтардың жаңа техникалық регламенті әзірленеді
freepik.com
Бұл спорттық жабдықтардың бала өміріне қауіпсіз болуы үшін жасалмақ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Сауда және интеграция министрлігінде Руслан Шаекиннің төрағалығымен өткен қоғамдық кеңестің отырысында спорттық жабдықтардың қауіпсіздігі мәселесі көтерілді. Техникалық реттеу және метрология жүйелеріне қатысушылардың Қазақстандық Қауымдастығының атқарушы директоры Дмитрий Савеленко Қазақстанда футбол қақпасын қоса алғанда, спорттық инвентарьді міндетті сертификаттау әлі енгізілмегенін атап өтті, бұл балалардың қауіпсіздігіне қатер туғызады.
2024 жылы Кеден одағы шеңберінде міндетті талаптарға жататын өнімдердің бірыңғай тізбесі «спорттық жабдықтар мен инвентарь» тармағымен толықтырылды. Бұл өзгеріс Қазақстан 2019 жылы спорттық жабдықтардың қауіпсіздігіне байланысты бірқатар оқиғаларға, соның ішінде футбол қақпасының құлауына байланысты енгізілген.