KZ
Өскемен
+23°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
478.93 534.96 5.16

Боран ауылында спорттық кешен салынады – ШҚО

10.02.2020, 04:50 171

2023 жылы Күршім ауданы, Боран ауылында спорттық модуль салынады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдың 2 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған басым бағыттардың бірі – шекаралық аудандарды дамыту. Осы орайда Президент тапсырмасына сәйкес шекара маңындағы аудандарды дамыту үшін 2020-2024 жылдарға арналған кешенді жоспар әзірленіп жатыр. Кешенді жоспарға сəйкес 2023 жылы Боран ауылдық округінде спорттық модульдің құрылысы басталады. Ол үшін облыстық бюджеттен 304,7 миллион теңге қаржы қарастырылмақ. Сонымен қатар аудандағы мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары да қолға алынып, оған қосымша 2 миллион теңге бөлінетін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив