KZ
Өскемен
-12°
переменная облачность жел 1 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Ауыл тұрғынынан заңсыз қару тәркіленді – ШҚО

20.10.2020, 07:36 200

Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха ауданына қарасты Красный Яр ауылының тұрғынынан қару тәркіленді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Облыс көлемінде «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатқаны белгілі. Іс-шара барасында Бородулиха ауданының полиция қызметкерлері Красный Яр ауылының тұрғыны заңсыз қару ұстайтынын анықтады.

– Тексеру барысында ауыл тұрғынының үйінен «ТОЗ» маркалы 16 калибрлі екі ұңғылы мылтық табылды. Қару ҚР ІІМ базасында жоқ. Ауыл тұрғыны мылтықтың заңды иесі емес. Сондықтан қару тәркіленді. Ер азамат мылтықты маусым айының соңында Уба ауылының маңындағы Шүлбі су қоймасына балық аулауға барғанда тауып алғанын айтты, – деп түсіндірді ШҚО ПД басшысы Сағат Мәдиев.

Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы 1-бөлігі (жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленуі, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Естеріңізге сала кетейік, «Браконьер-2020» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы 12 қазанда басталған. Енді 11 қарашаға дейін жалғасады.  Өткен аптада 225 рейдтік іс-шара өткізіліп, 240-тан астам табиғат қорғау заңнамасы бойынша құқық бұзушылық анықталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу