Ұлан ауданынан Өскеменге жәрмеңке келеді
18 наурыз, яғни сенбі күні Ұлан ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өндірген өнімдердің жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңке "Fresh - Market" сауда-логистикалық орталығының аумағында сағат 7.00-ден 14-00-ге дейін болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қала тұрғындарының сертификатталған және сапалы тауарларды төмен бағамен тікелей ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өздерінен сатып алу мүмкіндігі бар.
- Көрермендер үшін аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасы мен тегін ыстық шәй, палау және бауырсақ таратылады, - дейді аудан әкімдігі.
Оқи отырыңыз