Өскеменде тағы да жәрмеңке. Қай ауданнан?
Өскеменде сенбі күні ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді.
Өскемен қаласында әлеуметтік маңызы бар азық - түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында 14 қаңтардан бастап жәрмеңкелер өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Ауылшаруашылық жәрмеңкелері әдеттегідей «Fresh-Market» сауда-логистикалық орталығы аумағында өтеді.
4 ақпанында, яғни осы сенбіде жәрмеңкеге Алтай ауданының өнімдері әкелінеді.
Қала тұрғындары мен қонақтары сертификатталған және сапалы тауарларды төмен бағамен тікелей тауар өндірушілердің өздерінен нарықтық бағадан орта есеппен 15% - ға төмен бағамен сатып ала алады.
Өтетін уақыты: 4 ақпан, сағат 8-00-ден 14-00-ге дейін
Өтетін орны: Fresh-Market