KZ
Өскемен
-7°
переменная облачность жел 2 м/с, СШ
529.7 545.96 5.17

ШҚО тұрғыны қару-жарақ пен оқ-дәрілерді үйде заңсыз сақтаған

29.06.2022, 10:20 205

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ШҚО ПД жедел бөлімшесінің қызметкерлері Алтай ауданының жергілікті тұрғыны тұрғылықты жері бойынша қару-жарақ пен оқ-дәрілерді құқық қорғау органдарының тиісті рұқсатынсыз сақтағанын анықтады.

Сараптама көрсеткендей, құқық қорғаушылар тегіс мылтық, бір ұңғылы аңшы мылтығы, "Иж18ЕМ" моделі, 17 дана 12 калибрлі патрондар оқ атуға жарамды, 18 дана патрондар тапқан.

-  Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 482-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Тәртіп сақшылары қаруды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, алып жүру, тасымалдау қаруды тәркілей отырып, айыппұл салуға әкеп соғатынын еске салады. Қаруды өз еркімен тапсырған тұлға әкімшілік және қылмыстық жазадан құтылып қана қоймай, сонымен бірге ол үшін ақшалай төлемдер де алады, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу