KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 5 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

ШҚО-да заңсыз қару сақтағандар ұсталды

17.08.2022, 09:47 159

ШҚО-да 15-19 тамызы аралығында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Іс-шараның мақсаты- заңсыз сақталған атыс қаруын анықтау және қаруды пайдалана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алу.

-        Бұл күндері атыс қаруы мен оқ-дәрілерді анықтау және заңсыз айналымнан шығару, оларды сатып алу және заңсыз айналымға түсу көздерін анықтау бойынша іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Бұдан басқа, ұрланған азаматтық атыс қаруын іздестіру, АДБ есебінде тұрған қару иелерін анықтау, сондай-ақ оларды жауапкершілікке тарта отырып қару тәркіленуде. Заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын естеріңізге сала кетсек, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Жедел алдын алу іс - шараларын жүргізу нәтижесінде облыстың криминалдық полиция қызметкерлері заңсыз сақталған 3 атыс қаруын, оның ішінде 1 - ойық және 2-тегіс ұңғылы атыс қаруын, сондай-ақ ойық қарудың 22 патронын тәркіледі.

Шаруа қожалықтарының бірінде жедел іздестіру іс –шараларын жүргізу нәтижесінде полиция қызметкерлері Шемонаиха ауданы Верх-Уба ауылының 41 жастағы тұрғынының заңсыз сақталған атыс қаруының фактісін анықтады, одан «ИЖ-17», 16 калибрлі тегіс ұңғылы аңшылық мылтық тәркіленді. Ер адам мылтықтың марқұм ағасынан қалғанын айтқан.

-        Осыған ұқсас тағы бір фактіні Глубокое ауданының ПБ қызметкерлері анықтады, онда Глубокое кентінің 32 жастағы тұрғыны үйінің жатын бөлмесінде 20 калибрлі «ИЖ-К» тегіс ұңғылы аңшылық мылтығын жасырған. Тексеру кезінде ІІМ базасы бойынша алынған барлық мылтықтар «Криминалдық қару» ретінде тіркелмегені анықталды, - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив