Жарма тұрғынынан тапанша тәркіленді
Облыстық ПД криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері "Учаске" жедел алдын алу іс-шараларын өткізу барысында заңсыз қару сақтаудың 2 фактісін анықтады.
Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде Жарма аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Жарма ауданы Қалбатау ауылының 27 жастағы тұрғыны өзінде атыс қаруын сақтайды деген ақпарат келіп түскен. Түскен ақпаратты тексеру барысында полиция қызметкерлері үй ауласындағы дәретхана артына көмілген дыбыс тұншықтырғышы бар тапаншаға ұқсайтын затты тәркіледі.
2020 жылғы 16 қыркүйектегі сот-баллистикалық сараптама актісіне сәйкес алынған суық қару калибрі 9 миллиметрлік ойық патрондарына сай, "МР-79-9" моделді газ-травматикалық тапаншаның оқпанын ауыстыру арқылы қолдан жасалған тегіс ұңғылы атыс тапаншасы екені анықталды, бұл тапанша оқ ату үшін жарамды болып шықты.
Сондай-ақ биылғы жылдың 20 қыркүйегінде келіп түскен жедел ақпаратқа сәйкес дереу тінту барысында тәртіп сақшылары Глубокое ауданы Тарханка ауылының 47 жастағы тұрғынының қазандық бөлмесінен 22 патрон, 1 гильза және мылтық тәркіледі. Тәркіленген мылтық "ТОЗ – 16" моделді, 1963 жылы Тула қару-жарақ зауытында жасалған, калибрі 5,6 миллиметрлік, зауыттық нөмірі бар, бір зарядты аңшылық карабины екені белгілі болды. Карабин де оқ ату үшін жарамды.
– Осы фактілер ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы, 3-бөлігіне сәйкес (қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді, – деді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.
"Учаске" жедел алдын алу іс-шараларын өткізу барысында шығыс-қазақстандықтардан барлығы 6 бірлік тіркелмеген атыс қаруы тәркіленген, оның 5-і тегіс ұңғылы, біреуі иір ойықты мылтық.
Сонымен қатар тұрғылықты жері бойынша 4069 атыс қаруының иелері тексеріліп, атылатын қаруды сақтау және алып жүру ережелерін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы бойынша) 36 қару иесі, азаматтық қаруды тіркеу (қайта тіркеу) тәртібін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 486 бабы бойынша) – 16 қару иесі жауапкершілікке тартылған.
Облыстық Полиция департаментіның хабарлауынша, атыс қаруын және оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін азаматтарға қылмыстық жазалау қарастырылған. Алайда, заңсыз сақталған қару-жарақты, оның негізгі бөлшектерін және оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырған азамат қылмыстық жауаптылықтан босатылатынын еске саламыз.