KZ
Өскемен
-9°
небольшой снег жел 4 м/с, З
494.63 583.22 6.42

ШҚО-да «Автобус» жедел алдын алу шарасы басталды

22.02.2022, 12:12 649

Ағымдағы жылдың 21 ақпан 2 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Автобус» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы басталды.

Бұл аралықта полицейлер жылдамдық режимін, басып озу, қарсы жүріп өту, маневр жасау, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту, мас күйінде автокөлікті басқару, сондай-ақ қоғамдық көлік жүргізушілерінің рейс алдындағы медициналық тексеруден өту ережелерін сақтауға ерекше назар аударады.

- Іс шара автомобиль көлігінде жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көлік және еңбек тәртібін арттыру, техникалық ақаулы немесе қайта жабдықталған жолаушылар көлігін пайдалану фактілерін анықтау, сондай-ақ заңсыз жолаушылар тасымалының жолын кесу мақсатында өтіп жатыр, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу