ШҚО-да жолаушылардың өмірін қатерге тіккен автобус жүргізушісі жазаланды
Қоғамдық көлік жүргізушілері арасында көлік тәртібін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 21 ақпанынан бастап ШҚО аумағында «Автобус» республикалық жедел профилактикалық іс - шарасы өтіп жатыр.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты автобус жүргізушілерінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының және жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу және ескерту.
Жедел профилактикалық іс-шарасының алғашқы күні полицейлер 170-тен астам қоғамдық көлік жүргізушілері анықтады.
Қозғалыс жасау ережелерін бұзғаны үшін 34 жүргізуші, көлік құралын басқару кезінде телефонды пайдаланғаны үшін 30-дан астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
130 автобус жылыту, электр жабдықтарының жағдайына сәйкестігі тексерілді.
- Сонымен қатар, жедел алдын алу іс-шарасы аясында жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу арқылы басып озған Семей қаласының 41 жастағы қоғамдық көлік жүргізушісі анықталды. Осы бұзушылық үшін ол ҚР ӘҚБтК - нің 596-бабының 3-бөлігі «Егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына , оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу» бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды, аталған баптың санкциясымен көлік құралдарын жүргізу құқығынан 6 ай мерзімге айыру түріндегі жаза көзделген, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Жүргізуші өз кінәсін мойындап, оның әрекеттерін оның алдындағы басқа автобусты басып озу ниетімен түсіндірді.
Айта кетейік, аталмыш іс-шара ағымдағы жылдың 2 наурызына дейін жалғасады.