KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 6 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да қазақ тілін үйретуге бағытталған жұмыстар қалай жүріп жатыр?

Фото: egemen.kz

27.09.2023, 11:30 311

Бүгін ШҚО-да облыс әкімдігінің отырысы өтті. 
Жиналыста қазақ тілін дамыту саясаты жайлы айтылды. Қазір мемлекеттік бағдарламаның үш негізгі міндеті жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

–    Мемлекеттік бағдарламаның үш негізгі міндеті - латын графикалы әліпбиі негізінде қазақ тілін жаңғырту, мемлекеттік тілдің этносаралық тіл ретіндегі рөлін күшейту және Қазақстан азаматтарының тілдік капиталын дамыту. Іс-шаралар жоспарының бірінші міндетіне қатысты жұмыстар әліпбидің түпкілікті нұсқасы бекітілгеннен кейін жалғасын табады. Екінші міндет – қазақ тілінің этносаралық тіл ретіндегі рөлін күшейту. Облыс аумағында қазақ тілін меңгеру деңгейін көтеру мақсатында тілдерді оқытуға арналған 8 орталық жұмыс істейді. Ондағы оқытушылар саны – 35. Өткен оқу жылы 1213 тыңдаушы оқып шықты. Олардың 749-ы сертификат алды. Тілашар курсына 124 тыңдаушы тартылған, – деді Мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов.

Облыстық Лингвистика орталығы Өскемен қаласындағы 23 мекемемен келісімшарт жасасып, олардың қызметкерлерін оқыту курсынан тегін өткізеді екен. 

- Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау мақсатында қалалар мен аудандардан түскен 793 өтінімнің негізінде ҚР Ұлттық тестілеу орталығы биыл қазанда ШҚО-да диагностикалық Қазтест өткізуді жоспарлап отыр. Қазақ тілінде сөйлеуді дамытуға және қолдануға көмек беру, сөздік қорын толықтыру мақсатында Өскемен қаласындағы О. Бөкей атындағы кітапханада «Кел, сөйлесейік» курсы, Риддер қаласы, Шемонаиха, Ұлан аудандарының аудандық кітапханаларында үйірмелер жүргізіледі, – дейді басқарма басшысы.

Сонымен қатар Риддер қалалық Тілдерді оқыту орталығы азаматтар оқуға қашықтықтан қолжеткізу үшін Google платформасында «Ridder language center» сайтын жасаған. YouTube-та «Тіл әлемі» арнасы мен үштілді база құрылған. Аталған арнайы база қызметкерлердің қазақ, орыс және ағылшын тілін меңгеру индикаторын анықтайды. Орталықтың осы тәсілді қолдану туралы авторлық құқығы бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу